Қазалы ауданында мал басы көбейіп келеді. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нажмадин Шамұратов халық алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлады "Қазалы" газетінің тілшісі.
«Мал басында өсім тұрақты. Мүйізді ірі қара – 33987 басқа жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1496 басқа өсті. Оның ішінде қой 57625 бас, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 489 басқа өскен; ешкі 43807 бас, (4893 басқа өскен), жылқы 22470 бас (1516 басқа өскен), түйе 8536 бас (952 басқа өскен)», - деді аудан әкімі.