Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысы басталады

Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысы басталадыБұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыруға арналған идеологиялық актив жиынында мәлімдеді.
– Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселесінің ақсап тұрған жайы бар. Сондықтан осы бағытқа ерекше назар аударуымыз қажет. Бұл үшін азық-түлік өндірісіне инвестициялар тартуда және өнімдерін терең өңдеу бойынша зауыттарды құруда барлық күшімізді салуға тиіспіз, – деді аймақ басшысы.
Қ.Көшербаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен  «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ағымдағы жылы Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысын бастауды тапсырды.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 ақпан 2017 г. 788 0