Мазендераннан келген меймандар

Облысымызға екікүндік іскерлік сапармен Иран Ислам Республикасының Мазендеран провинциясы губернаторының орынбасары Юнеси Ростами Голамреза Алиджан бастаған делегация келді. 
Облыстық әкімдіктің ситуация орталығында облыс әкімінің орын¬басары Евгений Кимнің қатысуымен мәртебелі меймандардың кәсіпкерлермен, бірқатар басқарма басшыларымен және онлайн жүйе¬сінде аудан әкімдерімен жүздесуі болды. Кездесуде екі өңір арасын¬дағы экономикалық, инвестициялық және кәсіпкерлік саласы бойынша өзара ынтымақтастықты қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким Қазақстан көрші елдің сенімді әріптесі екенін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын жеткізді. Бұл орайда біздің аймағымыздың ирандық инвесторлармен және кәсіпкерлермен сенімді серіктестік орнатуға қажетті әлеуеті жеткілікті.
Мазендеран провинциясының вице-губернаторы өңірлерінде ауыл шаруашылығының жақсы дамығанын жеткізіп, оның қатарында күріш, мақта, мал азығындық дақылдар, мал және құс шаруашылығы, сәндік өсімдіктер мен гүлдер өсіру жүйелі жолға қойылғанына тоқталды. Мазендеран провинциясы күріш өсіруден Иран Ислам Республикасында бірінші орында және цитрус өндіруден әлемде алғашқы бестікке кіреді. 
Меймандар қызылордалық әріптестеріне өздерінің мол тәжірибесі мен заманауи технологиясымен бөлісуге, ауыл шаруашылығының түрлі салаларын одан әрі дамытуға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Айталық, олар құс шаруашылығы саласында балапан өсіруден бастап дайын өнімдер шығаруға дейінгі өндірісті жолға қоюға және ұн өнімдері өндірісін ашуға ұсыныстарын білдірді.
Кездесуде екі жақ та ұзақмерзімді ынтымақтастыққа ниетті екендерін жеткізді. 
Сапар аясында меймандар шыны зауытында, «Абзал и К» толық серіктестігі мен «Smart Rubber» компаниясында және «Жан-Арай Жем» агроиндустриялық кешенінде болып, жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, ирандық әріптестер кәсіпкерлер палатасында жергілікті іскерлермен және ірі тауар өндірушілермен кездесулер өткізеді деп күтілуде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2017 г. 535 0