Жалаңтөс батыр ауылы абаттандырылды

Жалаңтөс батыр ауылы абаттандырылдыӨткен жылы Жалаңтөс баһадүрдің туғанына 440 жыл толуына орай аудандық бюджеттен бөлінген 70,5 млн теңгеге Жалаңтөс батыр ауылы абаттандырылды. Ауыл көшелеріне түнгі жарықшамдар орнатылып, шағын демалыс орындары мен спорт алаңдары салынды. Бұл туралы аудан әкімі Нажмадин Шамұратов Қарашеңгел ауылдық округі Жалаңтөс батыр ауылында өткен есепті кездесуде баяндады , - деп хабарлады «Қазалы» ауданы газетінің тілшісі.
2016 жылы типтік жобадағы 90 орындық балабақша құрылысы пайдалануға беріліп, 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы басталды. №103 орта мектеп жанынан жылыжай салынып, ауыл кітапханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Сыр Маржаны» серіктестігінің демеушілігімен арнайы техникалар бөлініп, «Ақкөл» мен «Сарыкөл» жайылымдығына су берілді. Сонымен қатар, Көбек, Ойынды, Алтай елді-мекендері тұрғындарының округ орталығына қатынайтын Алтай каналында орналасқан көпір қайта қалпына келтірілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2017 г. 1 509 0