Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі – барша қазақстандық үшін аса маңызды, тарихи сәт.
Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында еліміздің қандай жағдайда болғанын, отбасыларымыздың қандай экономикалық және әлеуметтік күйзелісті басынан кешкенін біз, жас буын біле бермейміз. Біз тек еліміздің қалай өркендеп дамығанын, жаңа мектептер мен университеттердің қалай салынғанын, шет елде білім алу мүмкіндігіне қол жеткізген замандастарымыздың қуанышын көріп келеміз. Мұның бәрі Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында жасалған жұмыстардың нәтижесі екенін жақсы түсінеміз.
Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу туралы шешім елге, әсіресе, жастарға көп пайдасын тигізетініне сенемін. Бұл бастама Қазақстанның қарыштап дамуына зор серпін берері сөзсіз.
Айгерім БИСЕНБАЕВА,
№ 271 орта мектеп,
Қызылорда қаласы.