Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота салалар бойынша қалыптастырылады

Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота салалар бойынша қалыптастырыладыҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары» 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
Жаңа қағидаларда шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты және ол елге жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдіктерге жұмыс берушілер тарапынан шетелдік жұмыс күшін тарту рәсімдері барынша ырықтандырылған.
Енді шетелдік жұмыс күшін тартуға квота экономикалық тұрғыдағы белсенді халық бойынша емес, салалар бойынша қалыптастырылады. 
Қызылорда облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға 2017 жылға бөлінген квота бойынша 559 шетел мамандарын экономикадағы қызмет саласының 7 түрі бойынша тарту белгіленген.
Сондай-ақ, жұмыс берушілерге рұқсаттама беру идеологиясы түбегейлі өзгертілген. Енді рұқсат алу үшін төленетін алымдар ел бюджетіне өндірілетін болады. Ол мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға және оны аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуына бағыттауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, ішкі корпоративтік ауыстыру процедурасын жетілдіру қарастырылып отыр. Мұндай шетелдік жұмыс күшін тарту тәсілі жалпыға бірдей әлемдік стандарттарға, Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкестендірілетін болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2017 г. 556 0