Мадина Ералиева «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталды

Мадина Ералиева «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталдыЖуырда Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігі, Халықаралық Көркем өнерпаздар одағы Түркістан қаласында «Тәуелсіздік – тірегім, теберігім!»  атты оқушылар мен жасөспірімдер фестивалін ұйымдастырды. 
Жаңақорған ауданынан №247 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мадина  Ералиева 1-орын иеленіп, көрсеткен дарынды өнері мен таланты үшін  «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталды.Мадина – мектепте үздік, алғыр оқушы. Мектепішілік «Жыл көшбасшысы - 2016» номинациясының иегері.Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Ұстазы Анарбек Ақмарал оқу тәрбие ісіндегі мол еңбегі үшін Алғыс хатпен және «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталды.
Алматы қалалық Оқушылар сарайы және «Tartuproduction» орталығы ұйымдастырған II Республикалық «Шырқа, дауысым!» атты жасөспірімдер байқауында 6-сынып оқушысы Тұрар Ілияс Мақтау қағазымен марапатталды. Атқарған еңбегі үшін ұстазы Ақмарал Анарбек Алғыс хатпен марапатталды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2017 г. 889 0