Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына байланысты брифинг өтті. Оған Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Гүлмира Есембаева, депутаттар Гүлжан Қарақұсова мен Нұртай Сәбильянов қатысты. Мәжіліс депутаттары Жолдаудың мән-маңызын, мақсат-міндеттерін айтып, пікірлерін білдірді.
- Бүгінде жүздеген ауруханалар мен мектептер, мыңдаған шақырым жолдар, жүз мыңдаған шаршы метр тұрғын үйлер салынуда. Осының бәрі бірлік пен берекенің, Қазақстан халқының Мемлекет басшысының айналасына топтасып, бірігіп жұмыс істегенінің арқасы деп білемін, - деді Г.Есембаева.
Мәжілістің Г.Қарақұсова Президенттің Жолдауда қаржы жүйесі мен банк секторын дамыту, несие алу, оны тиімді пайдалану туралы тапсырмаларына қатысты пікірін білдірді. Ол әлемнің көптеген елінде өз ісін бастаған адамға және банктерге тиімді жағдай жасалатынын айтты. Ал Н.Сабильянов сөз алды Жолдаудың еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жасалғанын, осы құжаттың негізінде кәсіпкерлікті, елді-мекендерде интернет жүйесі мен сандық технологияны дамыту көзделіп отырғанын атап өтті.