Экспорттық әлеуетті көтеру маңызды

Экспорттық әлеуетті көтеру маңызды«Ақ жол» демократиялық партиясы Елбасының Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды қолдайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ақ жол» ҚР  ПМ партияның парламенттік фракциясынының депутаты Азат Перуашев хабарлады. 
«Біз үшін кәсіпкерлікті қолдау және экономика аясындағы Елбасының бастамасы маңызды», - деп атап өтті А.Перуашев. 
Бүгінде елдің алдында Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы және оның басымдылықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырмасы тұр. «Ақ жол» парламенттік фракциясы депутатының айтуынша, алғашқы басымдылық – экономиканың қарқынды технологиялық жаңғыртылуы. Соның ішінде сандық технологияны қолданумен құрылатын жаңа индустрияның өсуі. 
«Үкіметке «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Жаңа индустрияның қалыптасуының маңызды шарты – инновацияны қолдау және оны өндіруде қарқынды енгізу. Бұл талаптар «Ақ жол» партиясының бағыттарымен үндес», - деді депутат. 
Бір апта бұрын, 25 қаңтар күні біздің фракция Парламентте Үкіметке вейчерлі қор жүйесі арқылы инновация мен стартаптарды қолдау саласында сауал тастаған болатын. Ақжолдықтардың пікірінше, мемлекеттік қаражатты пайдалануға, экономиканың технологиялық және инновациялық сипатына әсер етуге, іскерлік белсенділікке жатпайтын бұл бағыт айтарлықтай жандануы тиіс. 
«Жолдау аясында бұл іс алға жылжиды деп ойлаймын. Осы орайда вейчерлі қаржыландыру ғана емес, жалпы технологиялық және инновациялық мемлекеттік қолдау алға жылжиды», - дейді А.Перуашев. 
Екінші міндет жиынтығы жаңа индустрияның қатарласа әзірленуімен қазақстандық экономиканың ұлттық базалық салалығының дамуына жан береді. Мемлекет басшысы заманауи технологияның және автоматтандыруды жаппай ендіру негізгі факторы болып табылатын айта келе, еңбек өнімділігін артыруды талап етіп отыр. Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды.
«Біз қызмет ететін кәсіпорындарды ғана жаңғыртып қоймай, индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған жаңа жобаларға қатысты амалдарды өзгеруіміз қажет. 2016 жылдың желтоқсан айында индустрия күнінде Мемлекет Басшысы мемлекеттік қаржының есепсіз шашылып, кәсіпорындар ашылғанмен өнімдер сұранымға лайық емес екенін алға тартып сынаған еді. Үздік деп танылған әлем тәжірибесінде өндірістік үрдістің және кәсіпорын жабдықтарының сапасы талапқа сай келе ме, болмаса өнеркәсіп озат технологиялар сапында болғанын және болмағанын ешкім бақылап жатқан жоқ. Нәтижесінде өзге елдердің өнеркәсібінде өндірістен шығып қалған жабдықтарды ескі технологиямен ұсынады. Сондықтан мемлекет тарапынан қолдау тапқан жобаларда жоспарланған  технологиялары мен техникалық регламенттерінің үздік деп танылған әлем тәжірибелеріне сәйкес келетінін бағалау қажет. Бұл қадам біздің өніміміздің экспорттық әлеуетін көтереді. Елбасы Үкімет алдына қазірдің өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндетін бекер қойған емес. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет», - деп атап өтті А.Перуашев. 



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2017 г. 528 0