КІТАПХАНА КІТАПТАР ШЕРУІН ӨТКІЗДІ

КІТАПХАНА КІТАПТАР ШЕРУІН ӨТКІЗДІКеше Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиет бөлімі «Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» атты кітаптар шеруін өткізді.
Кітаптар шеруіне №12 Ілияс Қабылов атындағы орта мектеп, №264 мектеп-лицей оқушылары қатысты.
Мәдени шара флешмобпен ашылып, балаларға арналған үш тілдегі шыққан кітаптарға шеру жасалды. Олар: «Нұрсәуле – Лучик» сериясынан шыққан «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат». Бұл кітап - балаларды еліміздің географиялық жағдайымен, Қазақстанның табиғи аймақтарымен, жануарлар әлемімен, жер қойнауының бай қорларымен, өзен-көлдерімен, тауларымен және атақты қорықторымен, тарихи ескерткіштерімен, ірі қалаларымен, сондай-ақ халқының тұрмысымен және мәдениетімен таныстырады. «Атамекен» сиқырлы елінің аңыздары». Бұл кітап - Қазақстан өзендері мен көлдерінің, тауларының, алқаптарының, аспан шырақтары мен жануарларының пайда болу тарихы мен шыққан тегі жөнінде әңгімелейді. О.Жанайдаровтың «Менің елім Қазақстан» балаларға арналған энциклопедиясы – егеменді еліміз жайында және Қазақстанның болашағынан, тарихынан сыр шертеді. Қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы – батырлар жыры. Алматы баспасынан шыққан «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын».
Ертегілер – халық даналығының ғажайып туындысы, халқымыздың ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырған ауыз әдебиетінің бай қазынасы. Алматы баспасынан шыққан «Алдар Көсе», «Тазша бала», «Алтын балық».
Кітап шеруі барысында оқушылар үш тілде өлең-жырларды жатқа оқып, ертегілерден көрініс қойды. Ж.Кизатов атындағы № 23 мектеп-лицей, №112 орта мектеп оқушылары, шеруді тамашалап, «Үш тұғырлы тіл» - атты қітап көрмесімен танысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2017 г. 1 000 0