Фристайлшыларымыз Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 қысқы ойындарында фристайлдан алтын медальді жеңіп алды, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшыларымыз 167.05 ұпай алды, ал қарсылас қытайлық екі команда 113.02 және 87.77 ұпайдан алды. Осылайша, қоржынымызға барлығы сегіз медаль: екі алтын, екі күміс, төрт қола түсті. Бұл алғашқы асулардың нәтижесі. Аламан дода алдағы уақытта қызады.