Қолы мен аяғында «Алла» деген жазуы бар қыз

Қолы мен аяғында «Алла» деген жазуы бар қыз Қызылордалық Мәдина есімді аруды бүгінде Сыр елі ғана емес бүткіл республика таниды. Танымалдылық әкелген оның қолы мен аяғындағы «Алла» деген жазуы болатын.   
Жас бойжеткен бірде есінен танып, қатты ауырып қалған. Есі кіресілі-шығасылы оны дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызады. Қыздың қолы мен аяғы бөртіп, қызарып ісіне бастағасын ата-анасы молда шақырып, дем жасатпақ болады. «Ясин» сүресін оқыған имам бойжеткеннің сол қолына белгісіз жазудың пайда болғанын аңғарады. Ойда жоқта пайда болған белгіге үй іші таңғалады. Кейін қызды мешіттегі діндарларға апарып көрсетеді. Олар жазуды оқып, оның «Бисмиллахир-рахманир-рахим» деген арабша сөз екенін айтады. Кейіннен қыздың аяғы да ауырсынып, біраздан соң «Аллаху акбар» деген арабша жазу пайда болған.
Мешіт молдасы мұның барлығы Алланың құдіретімен болып жатқанын, оның денсаулыққа еш зияны жоқ екенін айтты. Мәдина қол-аяғында жазу пайда болғалы бері бойында әлдене тылсым күш барын сезінеді екен. Бірақ оның не екенін өзі де білмейді. 
«Өзімді жақсы сезінем. Бұған дейін екі рет өлім аузынан қалдым. Алдымен қолымда, ертесі күні аяғымда жазу пайда болды», – дейді ол.
Осы жағдайдан кейін, Мәдина Аллаға құлшылық етіп, білген Құран сүрелерін айтып жүр. Енді намаз оқуға талпынуда. Жаны тыныштықты, жалғыз болғанды қалайды. Атасының айтуынша, арғы атасы діндар кісі болған көрінеді.
Қолы мен аяғында «Алла» деген жазуы бар қыз
Қолы мен аяғында «Алла» деген жазуы бар қыз 
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қаңтар 2017 г. 3 450 0