Ұрланған малды сатып пайда таппақ болған

Ұрланған малды сатып пайда таппақ болғанҚызылорда тұрғыны ауылдан ұрланған малды басқа біреулерге сатып пайда таппақ болған. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап хабарлады.
Облыс көлемінде өткізіліп жатқан «Мал ұрлаушы» жедел профилактикалық іс-шарасының барысында Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері  Амангелді ауылының тұсында бара жатқан «Газельді» тоқтатып, тексеру барысында автокөлікке тиелген 5 қой, 3 ешкі, 6 қозының құжаттары жоқ екендігін анықтайды. Көліктегілер малды осы ауылдағы бір азаматтан сатып алғандығын айтады.
Сол күні таңға жақын Сырдария ауданының тұрғыны Амангелді ауылының сырт жағында орналасқан фазендасынан белгісіз біреулер 14 малын, яғни 5 қой, 3 ешкі және 6 бас қозысын ұрлап кетіп, жалпы құны 255 000 теңге көлемінде шығын келтіргенін көрсетіп аудандық ішкі істер бөліміне шағымданады.
Ұйымдастырылған жедел іздестіру шаралары нәтижесінде жоғарыда аталған азаматтарға ұрланған малды сатып, пайда таппақ болған 1987 жылғы қала тұрғыны ұсталады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қаңтар 2017 г. 1 169 0