Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді

  Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді Шиелі. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамуда.
  Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның бір көрінісі аудан орталығындағы мейрамханалардың саны бүгінде 11-ге жетті. Одан өзге 40-тан астам кафе, 650 орындық 1 орталық базар жұмыс жасауда. Оған 7 ірі сауда орталықтарын қосыңыз. Сондай ақ, күні кеше кәсіпкер Өмірзақ Рановтың "Мерей" атты мейрамханасы ашылды. Екі қабатты мейрамхананың 1 қабатында 50 орындық банкет залы, 2 қабатында 300 орындық той залы қамтылған. Бұл істің негізгі нәтижесі кенттегі 25 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 желтоксан 2013 г. 962 0