Кеңес Дүйсекеев – «Қазалының құрметті азаматы»

Кеңес Дүйсекеев – «Қазалының құрметті азаматы»   Қазалы. Елімізге белгілі сазгер Кеңес Дүйсекеев Қазалы ауданының құрметті азаматы атанды. Қазалы аудандық мәслихатының сессиясында бірнеше мәселе қаралды.
Оның қатарында Қазалы ауданының құрметі азаматын анықтау жағдайы да талқыланды. Марапаттау комиссиясы депутаттар назарына «Құрметті азамат атағына» лайықты бес азаматты ұсынды. Олардың бірі - қазақтың талантты композиторы, Қазалының тумасы – Кеңес Дүйсекеев.
К.Дүйсекеев 1946 жылдың 10 ақпанында Қазалы ауданы Пірімов ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атағын алған. 1974 — 1976 жылдары "Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі қызметін атқарса, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі болды. Сондай-ақ, ол кісі 1975 — 1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен "Тамаша”, "Халық — талант қайнары”, "Шабыт”, "Жастарға арналған музыкалық кештер”, "Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984-1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. . Ол — "Толғау” симфониясының, "Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының, "О, дүние” кантатасының, "Жыл мезгілдері” романстар циклінің, "Мәди”, "Аққу Жібек” мюзиклінің, "Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, А.Мейірбеков, Н.Өнербаев, М.Дәулетбақова және өзге де әншілер орындап жүр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 желтоксан 2013 г. 1 906 0