Батыл қадам

Батыл қадам
Кеше Өңірлік коммуникация қызметінде «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығының басшысы, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев пен «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Нұрсәуле Мусаева ҚР Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуге пікірін білдіріп, баспасөз конференциясын өткізді. 
– Елбасының басқару жүйесіндегі өкілеттіктердің қайта бөлу туралы шешімі еліміздің мерейінің мығым бола түсуіне үлкен жол ашады. Еліміз үшін аса маңызды Конституциялық реформа екені сөзсіз. Онда Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беру, Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлін күшейту қарастырылған. Қоғамдық-саяси жүйені демократияландыру экономикасын әртараптандыру бағытында жасалған батыл да баянды қадам деп айтуға болады, –  дейді Н.Мусаева.
– Елбасы Үндеуімен барша қазақстандықтарға аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынды. Күн сайын дамып, жаңарып келе жатқан әлемде өміршең, өзінің ерекшелігімен жұмыс атқаратын саяси жүйе құру уақыт талабы екені белгілі. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу арқылы қазіргі Президенттің өкілеттілігін бөлу мәселесін алға тартты. Бұл мемлекетті басқарудың тиімділігін күшейтетін бірден-бір жаңк жүйе қалыптасады, – деді С.Сахиев.
Шынар БЕКБАН.
Нұрлыбек НҰРЖАУБАЙ (сурет).

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2017 г. 1 303 0