Білім ұжымдары бірауыздан қолдайды

Білім ұжымдары бірауыздан қолдайдыБүгін облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін талқылау және түсіндіру мақсатында мәжіліс өтті. 
Басқосуға онлайн режимде басқарма қызметкерлері, аудандық және Қызылорда қалалық білім беру ұйымдарының педагог ұжымдары, ата-аналар қатысты. Олар Елбасы Үндеуінің дер уақытында қабылданғанын, саяси шешімді қолдайтынын жеткізді. 
– Бүгінгідей даму, жаһандану кезеңінде Елбасының ел ертеңі үшін батыл шешім қабылдап, жарқын болашаққа жетелер қадам жасауы – үлкен сенімнің белгісі, – деді басқарма басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов.
Мәжіліс барысында басқарманың бөлім басшысы Бекжан Есенбаев, №10 мектеп-лицей директоры Берік Бекенов бұл бастаманың ел келешегі үшін маңызды екенін атап өтті. «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасын талқылауға білім ұжымдарының үлес қосатынын айтты.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2017 г. 1 005 0