«Адал ұрпақ» клубына мүшелікке қабылдады

«Адал ұрпақ» клубына мүшелікке қабылдадыКеше Жалағаш ауданының №246 орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам - жарқын болашақ кепілі» тақырыбында мектеп оқушыларын «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына қабылдау слеті өтті. 
Шара оқушылардың шығармашылық көрмесінен бастау алды. Шара аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Аханов «Адал ұрпақ» мектеп клубына мүше болған оқушыларға куәліктер тапсырды. 
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда өткізілген шаралар қорытындысымен «үздік» деп танылған оқушы жұмыстары бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Департаменттің баспасөз қызметі


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2017 г. 1 426 0