Партиялық жұмыс үлгісі жаңғыртылуда

Партиялық жұмыс үлгісі жаңғыртылудаБейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Саяси кеңес бюросы отырысы өтті. Оған бюро мүшелерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы комиссия жетекшілері, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партияның аймақтық, аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарының басшылары мен «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері қатысты. 
Бюроның күн тәртібіне облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының атқарған жұмысы, филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес жұмысы, өткен жылға арналған бюджеттің орындалуы және сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы комиссиялардың 2017 жылға арналған жұмыс жоспарларын бекіту туралы мәселелер ұсынылып, қаралды. Бірінші мәселе бойынша облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі И.Құттықожаев хабарлама жасады. Оның мәлімдеуінше, өткен жылы ережеге сәйкес 8 жиын өткізіліп, «Нұрлы жол», «Агробизнес-2020», «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларының атқарған жұмыстарының есебі тыңдалған. – Бүгінде «Нұр Отан» партиясының жұмыс форматы жаңғыртылуда. Партияның бақылау, тексеру қызметі айтарлықтай күшейді. Партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде фракция мүшелерінің қатысуымен 67 қабылдау өткізіліп, оның 78 пайызы оң шешімін тапты, – деді ол.
Ал облыстық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов атқарылған жұмыстарды хабарлап, жұмысты жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныстарды ортаға салды. 
– «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асырудың жол картасы аясында партияның бастауыш ұйымдарында 127 шара өткізілді. Ел арасындағы өзекті мәселелердің бірі жер мәселесі екендігі сөзсіз. Партиялық жұмыс үлгісі жаңғыртылудаОблыс басшылығының жер үй салуға берілетін жер телімдеріне сай инфрақұрылымын дайындап бере бастауы жерге қатысты арыз-шағымды азайтып отыр, – деді ол.
Осы орайда аймақ басшысы тексеру нәтижесімен 819 заңсыз жер иеленген азаматтар анықталғанын айтты. Олардың ішінде 54 іргетасы қаланған жер сүрілді, 765-і заңдастырылып, сот арқылы айыппұлы төленген.
Отырыста Н.Байқадамов Әдеп кодексіне сәйкес, «Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту түріндегі көрілетін тәртіптік жазалардың басым көпшілігі мемлекеттік сатып алу туралы Заң талаптарының бұзылуына қатыстылығын айтып, бұл олардың жеке пайдасы үшін емес, керісінше кадрлар біліктілігінің төмендігінен туындап отырғанын мәлімдеді. Кеңес төрағасы сыбайластыққа қарсы іс-қимыл тиімділігін арттыру мәселесін кәсіпкерлер арасында да күшейту керек екендігін, сонымен қатар «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау процесінің барынша ашық, әділ жүруі үшін партия, депутаттар қатарынан комиссияға мүше болар кандидаттардың таңдалу керектігін айтты. 
Жиын соңында Саяси кеңес бюросы отырысының күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, қаулылардың жобалары негізге алынды.

Шынар БЕКБАН.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2017 г. 932 0