
Алматыда Универсиаданың өткізілуіне байланысты
тұрғылықты мекенжай бойынша арнайы тексерістер жүргізілмейді. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон полиция департаментінің бастығы Серік Саинов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
«Аталған тексеріс Алматыда Универсиаданы өткізуге дайындыққа қатысты жедел алдын алу шаралары аясында ғана жүргізілді. Бұл шара тіркеуге байланысты емес. Біз үшін Универсиаданы жүргізу - халықаралық маңызы бар шара және жалпы әлемдік тәжірибе. Басқа аймақтарда бірде-бір тексеріс жүргізілмеген. Және осы жылдың наурыз айының ортасына дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық орындарда адамдарды тоқтатып, тексеріп, тіркеу қағазын талап етпейді", - деді С.Саинов.