МӘМС 2018 жылдан бастап енгізіледі

МӘМС 2018 жылдан бастап енгізіледіМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін республиканың барлық тұрғыны – баладан бастап зейнеткерге дейін, жұмыс істейтініне немесе істемейтініне қарамастан, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қажетті барлық дәрігерлік көмекті алады.
Жүйені енгізу кезеңдеріне келетін болсақ, ҚР Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акті¬леріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келесі кезеңдер қарастырылады:
- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап аза¬маттық-құқықтық сипаттағы -шарттар бойынша табыс алатын жұмыс беру¬шілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындау¬шыларының, адвокаттардың, кә¬сіби медиатор¬лардың, жеке тұлғалардың аударымдары мен жарналарының Қорға төлеу мерзімі басталады;
- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін жарналарды төлеуді бастайды.
МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін Қордан төленетін ақы 2018 жылғы 1 қаңтардан басталады. Осылайша, ҚР азаматтары мен оралмандарды МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы 2018 жылғы 1 қаңтардан жүзеге асырылады.
Экономикалық белсенділігі төмен тұрғын¬дар үшін жарнаны мемлекет төлесе, жалдамалы жұмыскерлер үшін олардың жұмыс берушілері төлейді. Салық төлеу органдарында тіркелген жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарна төлеуді өздері қамтамасыз етеді.

Барлыбек БАТЫР.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2017 г. 1 248 0