21-22 қаңтар күндері«Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисті, елімізге белгілі қаржыгер Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өткізілді. Биыл 6-шы мәрте ұйымдастырылған жарысқа қаржы мекемелерінен 8 команда қатысып, үздіктері анықталды.
Жарыс қорытындысында облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бірінші орынды иеленді. Ұлттық банк Қызылорда филиалының командасы екінші орынға ие болса, облыстық қаржы басқармасының командасы үшінші орынды қанағат тұтты.
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Нұржан Қалиев (кірістер департаменті), «Үздік қорғаушы» - Нұрсұлтан Сұлтанбеков (экономика басқармасы), «Үздік шабуылшы» - Дәурен Серғазиев (кірістер департаменті), «Мерген ойыншы» - Кеңес Маханбетов (Ұлттық банк), «Үздік ойыншы» - Ерлібек Төлегенов (қаржы басқармасы) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлеріне диплом, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Облыстық дене шынықтыру және
спорт басқармасының баспасөз қызметі