Лизингтік компания аймақтық өкілдігін ашты

Лизингтік компания аймақтық өкілдігін аштыҚызылордада «ТехноЛизинг» лизингтік компаниясы аймақтық филиалын ашты. Салтанатты шараға «ТехноЛизинг» ЖШС басқарушы директоры Юрий Ким, оңтүстік аймақ басшысы Зита Есжанова, «Даму» қорының өкілдері мен лизингтік несиеге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер қатысты. 
Лизинг – бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін тиімді қаржы құралы. Сан қырлы бизнес майданында белсенді жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге лизингкомпаниялары тиімді шарттармен қажетті құрал-жабдықтар мен техникаларды ұзақ мерзімдік құжат рәсімдеусіз сатып алуды ұсынуда. Бизнес өкілдері үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында лизингтік несиенің үстеме пайызынтөмендетуге мүмкіндік бар. Экономиканың басым секторында жұмыс жасайтын бизнес өкілдері 7% көлемде үстемені субсидиялауға қол жеткізе алады. Ауыл кәсіпкерлерінің лизингтік несиелерінің пайыздық үстемесі 10% көлемде субсидияланады. 
Зита Есжанованың сөзінше, лизингтік несиенің ерекшелігі – оны рәсімдеудің қарапайымдылығы мен аз ғана уақыт ішінде шешім шығарылуында. 
- Қымбат әрі бағалы құрал-жабдықтарды сатып алуда кәсіпкерлерге кепілзат қоюы шарт емес, өйткені техника не құрылғының өзі кепілмүлік ретінде қарастырылады. Тек 20%-дан бастап көлемде бастапқы жарна төлеуі тиіс. Сонымен қатар, лизингтің барлық мерзіміне нақтыланған сыйақы мөлшерлемесі қойылады және пайыздық үстемені «Даму» Қоры арқылы субсидиялап,кәсіпкер лизинг беруші алдындағы қаржылық ауыртпалығын төмендетуге мүмкіндік алады. Қызылорда облысындағы филиалымыздың жұмыс жасағанына көп болмаса да, біздің компания арқылы арнайы жүк көлігін сатып алған клиентіміздің бары қуантады,   - дейді Зита Есжанова.
Қазалылық «АзияСтройЭнергоСервис» компаниясы «ТехноЛизинг» арқылы бағдарлама аясында19 млн теңге тұратын жүк тиеу мен түсіруге арналған манипулятор техникасын 14% үстемемен алды және оның 10% көлемін мемлекет өтейтін болады. Ал компанияның төлейтін үлесі 4%-ға тең.  
Лизингтік несие туралы кеңес алу үшін кәсіпкерлер «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгінсе болады, сондай-ақ қайтарымсыз негіздегі қызмет аясында құжаттар рәсімдеу барысына да көмек көрсетіледі. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2017 г. 848 0