Бір жылда көлік үшін 900 млн доллар

Бір жылда көлік үшін 900 млн долларҚазақстандықтар 2016 жылы 900 миллион долларға көлік сатып алған. Бұл жөнінде "Қазақпаратқа" сілтеме жасап "Астана" арнасы хабарлайды.
Ресми диллерлер өткен жылы 43 845 жеңіл көлік сатқан. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 53,6 пайызға төмен. Шетел валютасына шаққанда нарық 869,9 млн АҚШ долларын құрап отыр.
Өз иесін тапқан темір тұлпарлардың 32 959-ы импорт, ал 10 886 машина қазақстандық автозауыттардың үлесінде.
Айта кетейік, бұған дейін, елімізде сұранысқа ие брендтердің көшін "Toyota" бастап тұрғаны хабарланған. Бір жылда жапон көлігінің 8 809-ы сатылған. Ал ресейлік Lada диллерлері 8 146 көлік сатса, үздік үштікті 3 742 автокөлігіне тұтынушы тапқан Renault компаниясы түйіндеп тұр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2017 г. 1 005 0