
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаевтың төрағалығымен "Облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру жиыны өтті, - деп жазады "Кызылорда ньюс" сайты.
Жиында Дін мәселелерін зерттеу орталығынің бөлім басшылары Ж.Жүсіп, Ж.Дәрібаев, сондай-ақ, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы орталықтың бөлімше меңгерушілері атқарылған жұмыс аясында баяндама жасады.
Жиында аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығы, ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының сақталуы, ҚР "Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" іске асыру, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру мақсаттарында атқарылған шаралар талқыланды.
Сонымен қатар, отырыс қорытындысы мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды.