Шиелі ауданындағы Талаптан ауылдық округінің әкімі З. Базарбаев тұрғындарға есеп берді. Өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндетке шолу жасаған ауыл басшысы былтыр мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа жиһаздармен жабдықталғанын атап өтті, - деп жазады "Кызылорда ньюс" сайты.
Бүгінде ауылдық округ орталығындағы КМҚК «Мұрагер» бөбекжайындағы 6 топта 110 бала тәрбиеленуде. Балаларды тасымалдау үшін мекемеге «Газель» автокөлігі алынды.