Аққырда мал шаруашылығы өрістеп келеді

 Аққырда мал шаруашылығы өрістеп келедіАудан әкімі Т.Дүйсебаев және Аққыр ауылдық округінің әкімі Ж.Матаев ауыл тұрғындары алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен. 
1000-нан астам халқы бар Аққыр ауылында жұмыссыз ретінде 30 адам тіркеліп, оның 11-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Ауыл экономикасының негізгі саласы мал шаруашылығы болғандықтан төрт түлік малдың басын көбейту және асылдандыру жұмыстарына аса көңіл бөлініп келеді.
2016 жылы шаруашылықты қолдауға «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі №3-1/671 бұйрығына сәйкес мемлекет тарапынан 5 млн 809 мың теңге көлемінде субсидия төленді.
Ауыл тұрғындарын арзан көкөніс, бақша дақылдарымен қамтамасыз ету мақсатында 20 га көлемінде картоп, сәбіз, қауын-қарбыз, тағы басқа бақша дақылдары егіліп, өнім жиналды. 
2015-2016 оқу жылы мектепті 8 оқушы бітіріп, олардың 3 Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысып, жоғарғы оқу орына түсті. Орташа балл көрсеткіші – 82 пайыз.
2016 жылы «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2 ауыл тұрғыны 6,9 млн. теңге көлемінде қаржы алып өз кәсіптерін жасауда.
Кездесу барысында сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2017 г. 2 079 0