Мәуліт мерекесі

Мәуліт мерекесіЖалағаш ауданы орталығындағы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың туылған күніне орай Мәуліт мерекесі аталып өтті. 
Көпшіліктің қатысуымен өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Ж.Тәжмаханов, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.
Мәуліт мерекесінде Алла тағаланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың қарапайымдығы мен ұлылығын насихаттайтын театрланған көріністер қойылып, ғибратты әңгімелер айтылды. Құран сүрелерін, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келуіне байланысты түскен аяттар оқылды. Мұнымен қоса, имандылық жолында сан мыңдаған қиындықтардан жол тауып шығатын, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін бейнероликтер көрсетіліп, діни әндер шырқалды. 
– Әр жылда өткізілетін бұл шараның мақсаты – Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрмет¬теуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру, – дейді ұйымдастырушылар.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2017 г. 1 047 0