
Қызылордалық полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалып кеткен жасөспірімді тапты, - деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметінен.
9 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында 2001 жылы туылған жасөспірім үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бір күннен соң анасы баласының жоғалып кеткендігі жайлы 102-ге хабарлайды. Хабарлама бойынша жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жедел іздестіру шараларын жүргізеді.
Үйден кетіп қалуына себеп боларлық жайттар жан-жақты қаралып, баруы мүмкін орындар тексерілді, жақындарынан түсініктемелер алынды. Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жасөспірім «Сабалақ» саяжайында тұратын досының үйінде тығылып жатқан жерінен табылды.
Қазіргі таңда жасөспірім ата-анасына табысталды. Үйінен кетіп қалу себептері анықталып, мұндай жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдануда.