
8-9 қаңтар күндері Арал, Қазалы аудандарында күн райы күрт өзгеріп, ауа ылғалдығы 92%-ды құрады. Ауаның жоғары ылғалдығы салдарынан электр желілерінде 15 см–ге дейін мұз қатып, электр желілерінің өшуіне әкеліп соқты.
Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, орын алған апатты жағдайды қалпына келтіру үшін 105 маман және 25 арнайы техника жұмылдырылған. Қазалы ауданына 9 автономды дизель электр станциясы жіберілді.
10 қаңтар сағат 17:05–те Қазалы ауданының Л-107 электр желісі іске қосылып, сағат 18:07 – де Арал ауданының Л-109 электр желісі қалпына келтіріліп, Әйтеке би кенті мен Арал қаласына электр қуаты берілді.
Бүгін жұмыс күнінің аяғына дейін Қазалы ауданына қарасты елді мекендердің 90%-ы электр жарығына қосылады. Ал, Арал ауданындағы ауылдардың арақашықтығының ұзақтығына және жолдардың қазіргі жағдайына байланысты алдағы күндері жөндеу жұмыстары толық аяқталады. Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі (бірінші кезекте Сексеуіл ауылы мен Жақсықылыш елді мекені).
Құзырлы басқарма осы орайда тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.