ҚР Мемлекеттік қызмет істкері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауын өткізу тәртібін түсіндіру жөнінде семинар өткізілді.
Шараға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен облыстық басқармалардан 500-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты.
Семинарда сөз алған департамент басшысы А.Мұхимов аттестаттаудың кезеңдері мен мерзімі, аттестаттау комиссияларының деңгейлері мен құрамы, олардың қабылдайтын шешімдері жөнінде түсіндірме берді.
Жиын соңында мемлекеттік қызметшілерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Департаменттің баспасөз қызметі