« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жылымық
күн райында Сырдарияның мұзы еріп, су деңгейі айтарлықтай көтерілуде. Өткен
желтоқсан айында дария арнасынан асып, Жалағаш ауданының шабындықтарын су басып
қалғаны белгілі. Бұл жолы мамандар төтенше жағдайды болдырмау үшін алдын ала
анықталған 56 қауіпті аумақты ерекше бақылауға алған. Сала мамандары ішкі
арналарға да су жинап, өзен деңгейін түсірудің барлық шараларын қолға алуда.
Бүгінде Сырға секундына 500-600 текше метрге дейін су құйылуда. Осыған орай
өзен иіндеріндегі бөгеттердің бүтіндігін арнайы комиссия тағы бір тексерді.
«Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы басшысы Әділхан Қарлыханов «Қаңтар айының 15-20 аралығында тағы да салқын болады деген хабар келді. Соған байланысты мұз қату, яғни сең жүру процесі қайтадан басталады деп отырмыз. Біз оған дайынбыз. «Шардарадағы» судың көлемі төмен түсті», – дейді.
Сырдария өзенінің төменгі сағасына жақын орналасқан елді мекендерге судан келер қауіп жоқ дейді мамандар. Өйткені, мол суды бұрып жіберер арық-атыз бен канал көп.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |