РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

7 қаңтар күні облыс әкімінің міндетін атқарушы Қуаныш Ысқақов пен облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов "Қазан Құдай ана Иконасы” шіркеуінде болып, ғибадатханаға жиналған жұрт­шылықты аймақ басшысының атынан православие христиандарының Рождество мерекесімен құттықтады.

– Құрметті отандастар! Сіздерді ұлы православие мерекесі – Рождество күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде Елбасының сындарлы саясатының нәтижесінде рухани келісім, дінаралық тұрақтылық пен толеранттылық жемісін беруде. Ортақ елімізді мекендеген барлық қазақстандықтың нәсіліне, діліне, тіліне, діни нанымына қарамастан, құқығы мен бостандықтары конституцияға сәйкес қорғалуда. Елдің басты жетістігі – қазақстандық мемлекеттің негізін қалыптастыратын, оның тұрақтылығының кепілі болып табылатын көпұлтты халықтың жасампаздығы мен ұлтаралық келісімінде екені үнемі айтылып келеді. Осынау қастерлі мереке күні сіздерге ынтымақ пен бірлік, қуаныш пен бақыт тілеймін. Елімізде әрқашан рухани келісім мен бейбітшілік орнасын! – деді Қ.Ысқақов.

Мұнан соң жиналған қауым жексенбілік мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалады. Балаларға рождестволық сыйлық пен тәтті таратылды.

М.ҚАЛЫМБЕТ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қаңтар 2017 г. 755 0