Жылдық жұмысын қорытындылады

Жылдық жұмысын қорытындыладыҚызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы болып өтті. 
Баспасөз конференциясы сот билігінің абыройын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық және айқын өзара әрекет орнату және әкімшілік заңнама нормаларын халыққа жеткізу мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.
2016 жылдың  12  айында  6040 әкімшілік іс  келіп түскен, оның  ішінде  14  әкімшілік  іс  ведомстволық  бағыныстылық бойынша қайтарылып,  308  әкімшілік іс сот  өндірісінен қысқартылған, оның ішінде медиация Заңын қолдану арқылы 36 әкімшілік іс сот өндірісінен тоқтатылғанын айтып өтті. Қаралған әкімшілік істер бойынша 108 жекеше қаулы қабылданған. 
Есепті мерзімінде барлық істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы 100% қаралған.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қаңтар 2017 г. 766 0