Заңбұзушылықтың үштен бірі ауыр салмақты көліктердің кесірінен

Заңбұзушылықтың үштен бірі ауыр салмақты көліктердің кесіріненБүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов салада 2016 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. 
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп жыл көлемінде инспекция көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілді.
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету инспекцияның негізгі міндеттерінің бірі болып табылатындықтан бұл бағыттағы проблемалық мәселелерді жүйелі түрде шешімін табу мақсатында 2016 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қызылорда облысы әкімімен бекітіліп, тиісті шаралар жүргізілуде. 
Бірлескен тексерулер және тиімді бақылау жұмыстарының нәтижесінде автомобиль көлігін де реттейтін нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын сақтамаған 1602 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. 
Заңбұзушылықтар бойынша салынған 105 млн теңге әкімшілік айыппұлдардың 94 млн теңгесі (88,7 %) өндірілді. Анықталған заңбұзушылықтың үштен бірі - ауыр салмақты автокөліктермен белгіленген салмақтық параметрлерінің сақталмау фактілері. Бұл бағыттағы шаралар одан әрі жалғасатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қаңтар 2017 г. 627 0