7-8 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері М.Өтемұратовты еске алуға арналған шағын футболдан облыстық ашық турнир өтті.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, биыл бірінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан және аудандардан 27 команда 350 спортшы қатысып, үздіктер анықталды.
Жарыс нәтижесінде қызылордалық «Зенит-2» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда Жаңақорған аудынының «Сығанақ» командасын 9:2 есебімен ұтты. Үшінші орынды қызылордалық «Азамат» командасы еншілесе, төртінші орын «Букмекер ПАБ» командасына бұйырды.
«Үздік қорғаушы» - Қуаныш Кемалұлы («Зенит-2» командасы),
«Үздік қақпашы» - Батыржан Боранбаев («Сығанақ» командасы),
«Үздік шабуылшы» - Максим Максимов («Букмекер ПАБ» командасы), «Мерген ойыншы» - Еркебұлан Батбанов («Азамат» командасы),
«Үздік ойыншы» - Ерлан Аптаев («Сығанақ» командасы) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларғакубоктар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.