Арзан баға қайда бар?

Арзан баға қайда бар?Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық- маркетингтік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлаймыз.
Қызылорда. «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде күріш – 135 теңге, нан – 55, қант – 235, тұз – 45, арпа жармасы – 140, тары – 140, сары май  – 450, өсімдік майы – 365, картоп – 85, 1 сұрыпты ұн 85 теңгеден сатылуда.
«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп – 85, пияз – 45-50, сәбіз – 75-80, қырыққабат – 75-80, қызылша 100 теңгеден. 
Арал. Арал қаласының жеке кәсіпкері С.Саяновтың «Саян ата», «Қуантқан» дүкендерінде картоп – 90, пияз – 50-60, сәбіз –100-120, қырыққабат – 90, «Алтай» базарының жанындағы жеке кәсіпкер Р.Көшербаеваның дүкенінде картоп – 90, пияз – 60, сәбіз – 100, қырыққабат 80-90 теңгеден.
Қазалы. «Әлеуметтік сауда дүкені» қант – 230, сиыр еті – 1100, қой еті – 1100, күріш – 165, пияз – 60, картоп – 90, сәбіз – 90, жұмыртқа – 30, қарақұмық жармасы – 350 теңгеден сатылуда. «Фея перизат» сауда үйінде қант – 250, қырыққабат – 80, пияз – 50, картоп – 90, сәбіз – 80, қызылша 100 теңгеден. 
Қармақшы. «Сұлтан» сауда орталығы, «Орда» көтерме сауда орталығы және «Жандос» дүкендерінде картоп – 80-100, сәбіз  – 100, жуа – 60, жұмыртқа – 30, 1 сұрыпты ұн – 84-90, нан –  60, тауық – 540,  өсімдік майы 310-380 теңгеден. «Таңсықбай», «Бибінұр» базарларында картоп – 80-100, жуа – 60, сәбіз – 100, қырыққабат 90 теңгеден сатылуда.
Жалағаш. «Бәйтерек», «Жібек» базарларында өсімдік майы   – 350, картоп – 100, сәбіз – 90, пияз – 50, ет – 1100, жұмыртқа – 29, қырыққабат – 70, «Ақниет», «Айдана» және «Қаракөз» дүкендерінен І сұрыпты бидай ұны –  87-96, нан – 55, жұмыртқа – 29, өсімдік майы – 350, пияз – 50, сәбіз – 90, картоп – 100,  тауық еті – 550, қырыққабат 70 теңге.
Сырдария. «Өркен» және  «Серікбол» дүкендерінде  нан бағасы  – 55, өсімдік майы – 360-380, қант –  240, картоп – 90-100, сәбіз – 90-100, пияз – 50-60, қырыққабат – 80, тауық еті – 520-550, жұмыртқа – 290-300, «Бақытжан», «Нұр» дүкендерінде  жұмыртқа – 300-310, өсімдік майы – 400, қант – 250 теңгеден сатылуда. «Коммуналдық» базарында нан бағасы – 55, өсімдік майы – 400,  қант – 250, жұмыртқа – 30, бірінші сұрыптыы бидай ұны 85 теңге. 
Шиелі. «Ә.Шорабаев» базарында картоп – 100,  пияз – 50, сәбіз – 100, қырыққабат – 90, өсімдік майы – 350-390, қант –  240, жұмыртқа –  30, тауық еті – 550, ет – 1100, тұз –  45 теңгеден. Сонымен қатар, І сұрыпты бидай ұны 98-100  теңгеден.
Жаңақорған. «Мағжан», «Заңғар», «Сырдария», «Кәусар», «Нұрәділ» және «Нұрасыл» дүкендерінде 1 сұрыпты ұн – 88-96, нан – 50-65, өсімдік майы – 310-370, картоп  – 100, пияз – 40-50, сәбіз – 80-100 қырыққабат – 70-80, тауық еті – 480-540, жұмыртқа – 260-270,  ет – 1100-1200, «Нұр» базарында  бірінші сұрыпты ұн – 96-100, бірінші сорттан жасалған нан – 70, өсімдік майы – 310-380, жұмыртқа – 280, тауық еті – 500-530, ет –  1100-1200, жуа – 50, сәбіз – 100, қырыққабат – 90, картоп   110 теңгеден сатылуда.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қаңтар 2017 г. 773 0