Қызылорда қаласында Еуропалық Одақтың қолдауымен «Қызыл Крест және Қызыл Ай» қоғамдарының халықаралық федерациясы мен Қазақстан Республикасы «Қызыл ай» қоғамының бірлескен «Жергілікті дамытуға үлес қосу мақсатында Азаматтық қоғам ұйымдары мен ҚР Қызыл Ай қоғамының әлеуетін нығайту» жобасының екінші ұлттық конференциясы өтті.
ҚР «Қызыл Ай» қоғамы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтық ұйымдардың өкілдері және жергілікті жердің басқарма басшылары, мемлекеттік қызметшілер мен үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.
Конференцияның мақсаты Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарының тәжірибесімен танысу, азаматтық ұйымдардың жергілікті билікпен қарым-қатынасын нығайтудың үйлесімді жобаларын қарастыру және «Қызыл Ай» қоғамының алдыңғы қатарлы филиал¬дарының аталған бағыттағы жұмыстарын насихаттау болып табылады.
Шара барысында аталған жобаның жүзеге асырылуы жөнінде жоба менеджері, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілі Елена Левченко баяндады. Сондай-ақ, жиында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, ҚР «Қызыл Ай» қоғамы Қызылорда облыс¬тық филиалының директоры Абзал Байманов және өзге бірқатар хабарламашыларға кезек берілді.
Аталған жоба Еуропалық Одақтың техникалық және материалдық қолдауымен облыс көлемінде үшінші жыл жүзеге асырылуда. Қаржыландыру грант құны 349 мың евроны құрайды.
Айнұр БАТТАЛОВА.