Мұз астында қалған көлік шығарылды

Мұз астында қалған көлік шығарылдыКеше ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің диспетчерлік бөліміне Қызылорда облысы Бәйгеқұм ауылының тұрғыны, Бәйгеқұм елді мекенінің жанында Қанқожа көліне мұз астына өзінің автокөлігі түсіп кеткендігі жөнінде хабар түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облыстық ТЖД сілтеме жасап хабарлады.
Бірден хабар түскеннен кейін жедел құтқару тобы оқиға орнына шығып, досымен мал іздеуге шыққан, мұз астына түсіп кеткен «OPEL Vectra» маркалы автокөлігі және көлдің үстімен кесіп өтпек болғаны анықталды. Алайда өздері аман-есен шығып, автокөлік мұз астына түсіп кеткен. Жасақ құтқарушылары сүңгуір жабдықтарын пайдаланып, қолдан жасалған лебедкамен жағаға шығарып берді. Автокөлік иесі құтқарушылардың жедел жұмыстарына шексіз риза болып, алғысын білдірді.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қаңтар 2017 г. 730 0