«Талсуат ауылдық клубы» мемлекеттік коммунал¬дық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен «Өнерлінің өрісі кең» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған байқау өтті. Шараның мақсаты – жастарды мемлекеттік тіл – қазақ тілінде таза сөйлеуге үйрету.
Талсуат ауылдық клубының директоры Қанат Нұрмағанбетов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Тартысты өткен сайыс 3 кезеңнен тұрды: өзін та¬ныстыру, мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар айту сайысы. Сайысқа қатысушылар Олжас Махамбеталиев, Динара Шайымова, Күлпаш Күншығарова, Мадина Жалиева, Әзілхан Нарманов өз өнерлерін халыққа паш етті. Әр кезең сайын қазылар алқасы өз бағаларын беріп отырды. Сайыс нәтижесінде І орын Күлпаш Күншығароваға бұйырды. Ал ІІ орынды Әзілхан Нар¬манов пен Мадина Жалиева өзара бөліссе, жүлделі ІІІ орынды Олжас Махамбеталиев пен Динара Шайымова иеленді.
Жеңімпаздарға дипломмен бірге қаржылай сый¬лықтар берілді. Байқау соңында №178 орта мектептің оқушылары мен аталған клубтың әншілері ән мен жырдан шашу шашты.
Күлпаш ЖАЛҒАСҚЫЗЫ.
Тасбөгет кенті.