«Қайсар» ФК директоры тағайындалды

«Қайсар» ФК директоры тағайындалды Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, облыстық футбол федерациясының президенті Садық Мұстафаевтың бұйрығымен Эдуард Глазунов Қайсар» ФК директоры болып тағайындалды, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен. 
Ол Алматыдағы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтын, Мәскеу қаласындағы Дене шынықтыру, спорт және туризм мемлекеттік университетін дене шынықтыру, спорт және футбол мамандықтары бойынша бітірген. 
Бірнеше футбол клубтарында аға және бас жаттықтырушы, «Қайрат» ФК спорт жөніндегі директордың орынбасары,«Арман» ФК спорт жөніндегі директоры, «Қайсар» ФК директоры қызметтерін атқарған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қаңтар 2017 г. 865 0