Вьетнам тұрғынының асқазанынан 18 жыл бұрын қалып қойған қайшы алынды

Вьетнам тұрғынының асқазанынан 18 жыл бұрын қалып қойған қайшы алындыВьетнамда тұратын Ма Ван Нят атты 54 жасар азаматқа 1998 жылы болған автомобиль апатынан соң асқазанына операция жасалған. Арада тек 20 жылға жуық уақыт өткен соң Ван Нятаның іші ауырып, ауруханаға келген. Сол кезде барып, дәрігерлер оның асқазанынан 15 сантиметрлік қайшыны көрген. Оны операция жасаған салақ дәрігер тоқ ішектің жанына қалдырып кеткен, деп жазады "Қазақпарат" лайф.ру сайтына сілтеме жасап.
Қайшыны алып тастау үшін дәрігерлерге 3 сағат қажет болды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, екінші қайтара жасалған операция ер азаматтың денсаулығына аса ауырлық түсірмеген және ол осы күнде сауығып келеді. Бұл жағдай қоғам арасында үлкен резонанс тудырды. Құқық қорғау органының қызметкерлері қазір сол кездегі операцияны жасаған маманды іздестіріп жатыр.

 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қаңтар 2017 г. 757 0