Әл-Ақса мешітінің имамы қонақта болды

Әл-Ақса мешітінің имамы қонақта болдыҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Әл - Ақса мешітінің имамы Шейх Наджих Бкерат қонақта болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады орталық мешітке сілтеме жасап.
Жалпы Әл-Ақса мұсылмандардың жүрегінде ерекше орынға ие -Исламның үшінші қасиетті мекені. Осы жерге Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Исра мен Миғраж сапарында апарылған болатын. Осы мекеннен Сыр еліне тұңғыш рет келген Шейх Наджих Бкерат орталық мешіт тынысымен танысып, өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлымен кездесті. Өкіл имам қонаққа қасиетті Құран Кәрімді, жайнамаз, тәспі және ұлттық үлгідегі қаламды сыйға тартты.
Шейх Наджих Бкерат мешіт қызметіне ризашылығын білдіріп, бас имам Талғат Сейіткәрімұлының еңбегіне, қызметіне береке тілеп, дұға жасады.Сондай-ақ, сол күні ұйымдастырылған қалалық «Қалмұхаммед ишан» мешітіндегі Мәуліт мерекесіне қатысты. Сыр еліндегі Мәулітке қатысқан Шейх Наджих Бкерат ел тыныштығы үшін дұға етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 желтоксан 2016 г. 677 0