Травматологиялық бөлімшелер құрал-жабдықтармен жабдықталды

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасымен медициналық қызметтің уақытында  көрсетілуі мен қолжетімділігі, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету кезеңдерінің сапалылығы үшін жүйелі кешенді үлгі құрылымын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады. 
- Осы үлгіні жүзеге асыру үшін жалпы өлім-жітімнің себептерінің 52%-ын құрайтын аурулардың 5 негізгі нозологиясы бойынша (миокард инфаркты, ми қан айналымының бұзылуы (инсульт), қатерлі ісіктер, жарақаттар, жүкті әйелдер мен перинаталдық кезеңнің патологиялары) жол карталары әзірленді. Әр жол картасы бойынша сырқаттың жай-күйіне, медициналық көмек көрсету сапасына, мамандар мен материалдық-техникалық ресурстардың қамтамасыз етілуіне бағалау жүргізілді. Осыған байланысты бірінші деңгейдегі БМСК (емханаларда) ұйымдарда барлық 5 бағыт бойынша 89 мамандандырылған кабинет ашылды,- деді Ақмарал Әлназарова.
Екінші деңгейде көмек көрсетуде ауыр экстрагенитальді аурулармен босанғандар мен жарақаттанғандарға, инсульт алған науқастарға оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында реабилитациялық және қайта қалпына келтіру бөлімшелері ашылып, барлық аудандық ауруханада ауданаралық травматологиялық бөлімшелерді медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Осы жылдың басынан бастап, қатерлі ісікке шалдыққан ауыр науқастардың өмірін ұзарту, күтуге бағытталған паллиативтік көмек көрсету үшін онкология орталығында 30 төсекке паллиативтік бөлімше ашылып  (хоспис) және аудандық ауруханаларда арнайы 35 төсек–орын бөлінді.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 желтоксан 2016 г. 494 0