Әрбір мәселе назарға алынды

Әрбір мәселе назарға алындыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында «Нұр Отан» партиясы ғимаратында жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдады. 
Қабылдауда көтерілген мәселелердің басым көпшілігі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге байланысты болды. Сонымен қатар мемлекеттік жұмыс уақытын сәйкестендіру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтініштері және мемлекеттік қызметке орналасатын кезде тест тапсырмай тұрып алдымен сынама тесттен өту мәселелері қозғалды. 
Соның ішінде қала тұрғыны Болат Нұрқожаев мемлекеттік қызмет органдарының жұмыс уақытын стан¬дартқа сәйкестендіру жайын қозғады. Сонымен қатар ішкі істер органдары, прокуратура қызметінің кадр дайындау мәселесін де көтерді. Ал Қызылорда облысындағы «Жігер» мүгедек спортшылар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Жұмаділдаев мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мекемелерге кіретін кезде турникеттер кедергі келтіретінін сөз етті. Себебі арбаға таңылған жандар үшін арнайы турникеттерден өту қиын. Жеке қабылдауға бар¬лығы онға жуық тұрғын келді. Барлық мәселелер назарға алынды. Ал көтерілген мәселелер бойынша тұшымды жауаптар алды.
Айта кетейік, қоғамдық қабылдау көкейде жүрген түйткіл мәселелерін шеше алмай жүрген азаматтарға мол мүмкіндік берді. 
Шынар БЕКБАН.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 желтоксан 2016 г. 674 0