Кәсіпкерлер жылды нәтижелі қорытындылады

Кәсіпкерлер жылды нәтижелі қорытындыладыҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі жылды қорытындылады. Кеңес төрағасы Асқар Махамбетов пен палата директоры Ғалымбек Жақсылықов бизнес өкілдерін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, экономиканың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкерлерді «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» төсбелгісімен, «Атамекен» ҰКП–ның ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» төсбелгісімен және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Мұнан өзге, өңірлік кеңес мүшесі ретінде облыстың іскер азаматтарына кәсібін жүргізуде қолайлы жағдай жасауға айтарлықтай үлес қосқан кеңес мүшелері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кету керек, 2013 жылы палатаның дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс–қимыл жасау үшін, сондай–ақ, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында Өңірлік кеңес құрылған болатын. Өңірлік кеңес құрамына аймақтағы белсенді, белгілі, қоғамда орны бар, кәсіпкерлердің мүддесін қорғай алатын бизнес өкілдері енгізілді. Ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлерді және олардың бастамаларын қолдау мақсатында барлық 7 ауданда да аудандық кәсіпкерлер кеңестері құрылды. Өңірлік кеңес отырысы ай сайын өткізіліп тұрады. 
Шынар БЕКБАН.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 желтоксан 2016 г. 466 0