“ӘСЕМ-ТАСТЫҢ” ӘДЕМІ ТӨСЕНІШТЕРІ

“ӘСЕМ-ТАСТЫҢ” ӘДЕМІ ТӨСЕНІШТЕРІЖаңақорғандық Жомарт Шәуенов жергілікті жерге  аса қажетті құрылыс материалдарын жасап көруге тәуекел етті де,  қажырлығы арқасында табысқа қол жеткізе бастады. Ойға алған құрылыс материалдарын жасауды нақты іс-қимылына айналдырды. Нәтижесінде аулалар мен  ғимараттар алдын көріктендіретін және де тазалыққа да жақсы өрнекті тас төсеніштерді арнайы қалыптарда құйып шығаруды қолға алды. Аудан орталығындағы шағын өндіріс цехы төсеніш плиткаларының түрлі қалпын әр жақтан жиыстырып,  түрліше өнім жасады. Ол биылғы жылдың басында облыстық кәсіпкерлер палатасының көмегімен бизнес жоспар жасап, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына ұсынды.  Нәтижесінде несиеге қол жеткізіп, Ресей мемлекетінен 9,7 млн теңге қаржыға престелген төсеніш плиткаларын шығаратын жаңа жетілдірілген құрылғы алып орнатты. Жаңа аппарат бір күнде 300-350 шаршы метр өнім шығарады. Осылай өндіріс орнында 15 адамды жұмыспен қамтуға жол ашылды. Аудан әкімшілігі тарапынан қолдау білдіріліп, кәсіпкерге кент шетінен арнайы өндіріс алаңынан жер де берілді.  
Қазір «Әсем-тастың» өніміне сұраныс мол. Сенімге ие болған. Осылай замана талабына сай еңбек ұйымдастыра білген жас жігіт ел дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Жаңақорған кенті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 желтоксан 2016 г. 815 0