Ержан – Сыр серісі

Ержан – Сыр серісіОблыстық "Жастар ре¬сурстық орталығы” мен "Қазақстан-Қы¬зыл¬орда” те¬леарнасының ұйым¬дас¬ты¬руымен жүзеге асқан, кө¬рермен қолдауына ие болған "Сыр серілері” реалити-шоуы өз мәресіне жетті. Осыған орай Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда жобаның қорытынды кеші өткізіліп, ауыздығымен алысқан арғымақтың иегері, жігіттің төресі анықталды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл жоба 4 ай көлемінде көрермен на¬зарына ұсынылған болатын. Барлығы 25 жігіт қатысқан дода¬дан сегіз сері суырылып шығып, ақтық мәреде бақ сынады. "Сыр серісі” атану үшін олар ат ерттеу, шөп ору, аударыспақ, қой көтеру, жамбы ату, теңге ілу секілді ұлттық ойындарды қамтыған кезеңдерден, байқаудың сахналық бөлімінен мү¬дір¬мей өтті. Нәтижесінде үздік деп танылған серілер "Қайсар жігіт”, "Көрермен көзайымы”, "Сымбатты жігіт”  но¬минациялары бойынша мара¬пат¬талды. Ал бас жүлдені жүзден жүй¬рік, мыңнан тұлпар шыққан шиелілік Ержан Шайрақ қанжығаға байлады. Жеңімпазға арғымақпен қатар бас демеуші "Мағжан и К” ЖШС-ның 250 мың теңге көле¬міндегі қаржылай сыйлығы табыс¬талып, Б.Момышұлы атындағы "Батыр шапа-ғаты” ме¬далі тағылды. Са¬йыс соңында "Сыр серілері” реали¬ти-шоуына қатысудағы басты мақ¬сатыңыз қан¬дай болды?” деген са¬уалға жеңім¬паз жігіттер аламанына ұзақ да¬йын¬далғанын айтып, көрермен қол¬дауы жеңіске жетелегенін жеткізді. Сондай-ақ қазақ жігіт¬терінің жан-жақты, өнерлі екенін дүйім жұртқа паш етуді мақсат еткенін атап өтті.
М.СНАДИН.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 желтоксан 2016 г. 858 0