Мәуліт мерекесін атап өтті

Мәуліт мерекесін атап өттіБүгінде әлем мұсылмандарының халықтық мерекесіне айналған, қуаныш пен шаттық күні болған «Мәуліт мерекесі» сан ғасырдан бері жыл сайын тойланып келеді.
Барлық дерлік мешіттерде Мәуліт оқылып, Расулуллаһ еске алынады. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде де мәуліт айының құрметіне арнайы шара ұйымдастырылды.
Шара аясында жамағатқа арнайы ас беріліп, адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.ғ.с.) салауат айтылып, мәуліт оқылды. Шара барысында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров жиналған жамағатқа имандылық, Мәуліт айының қадір-қасиеті турасында уағыз-насихатын жеткізді. 
                                                                                      Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
                                                                                                     мешітінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 желтоксан 2016 г. 754 0