Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті21 желтоқсанда әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарованың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қорытындысы туралы есебі, әдеп жөніндегі уәкіл, облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы С.Шотаевтың жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған жұмыстары туралы хабарламасы тыңдалып, тиісті ұсынымдар берілді. 
Одан бөлек, кеңес отырысында Жаңақорған ауданы Талап ауылдық округінің әкімі Ә.Шахановтың тәртіптік ісі қаралып, функционалдық міндетін тиісінше орындамай, жеке азаматтың құқықтарын қалпына келтіру, жәрдемдесу бойынша шаралар қабылдамаған Ә.Шахановқа әдеп жөніндегі кеңес шешімімен «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолдану ұсынылды.
Сонымен қатар, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Б.Жанаевтың тәртіптік ісі қаралды. Нәтижесімен, әдеп жөніндегі кеңес ұжым арасында әдеп кодексі талаптарын сақтамай дөрекілік танытқан Б.Жанаевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолдануды ұсынды. 
Сондай-ақ, кеңес отырысында өтінішпен жүгінген азаматқа шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет бергені үшін Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Сәрменбаевқа қатысты тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде қала әкіміне тиісті тұлғаны тәртіптік жазаға тарту ұсынылды.    
Отырыс соңында Қызылорда облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары және Кеңес мүшелерінің 2017 жылдың І  жартыжылдығына жеке және заңды тұлғаларды жергілікті жерлерде қабылдау кестесі бекітілді.  
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері 
департаментінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 желтоксан 2016 г. 743 0